Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Отырар тұрғынының жоғалған жылқылары табылды

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жеті бас жылқысын тауып беріп, алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ-ға Арыс ауданының тұрғын арызданып келген. Ол әйелдің айтуынша, жайылымда жүрген жеті бас жылқысы жоғалып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,7 миллион теңге. Хабар алысымен Отырар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі Учаскелік полиция инспекторы Жасұлан Пірімжанов және Криминалды полиция бөлімінің жедел уәкілдері Тілектес Бердіқұлұлы мен Батырбек Махатовтар оқиға орнына жедел жетті.

Айналаны бір шолып шығып, жоғалған жеті бас ірі қара малды табуға бағытталған барлық жұмыстарды атқарды. Куәлерден жауап алып, күдік тудырған үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар Арыс ауданына қарасты жайылымда жүрген жерінен табылды. 

Осы тұста малдарының аман-есен табылғанына риза болған тұрғын, полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді:

– Отырар ауданының полиция қызметкерлеріне көп рақмет. Мен, жеті бас жылқымды жайылымдық жерде жоғалтқан едім. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінің көмегімен табылды. Күн-түн демей табылуына атсалысқан тәртіп сақшыларына алғысымды айтамын. Үлкен рақмет!


Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Мал ұрланып немесе жоғалып кеткен сәтте бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру