Отырарлық жұмысшы бастығының тракторының бөлшегін ұрлап кетті
Түркістан облысының полицейлері екі бірдей ұрлық жасаған күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, үйінде ақыға жұмыс жасап жүрген азамат өзінің үйінің ауласында тұрған трактор стартерін жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 50 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Аталмыш ұрлық қылмысын жасауға оқталу жайты бойынша Отырар АПБ-ның қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырып, күдіктінің жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекен жайынан ұстап, АПБ-ға жеткізді. Ол бұрын сотты болған, Түркістан қаласының тұрғыны, болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азамат қамауға алынып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Отырар аудандық сотына жолданды.
Белгілі болғандай күдікті жәбірленушінің үйінде жұмыс жасап жүрген. Содан соң таң ата ерте тұрып, көзіне түскен трактор стартерін алып, кетіп қалған. Сондай-ақ сол үйде өзімен бірге жұмыс жасап жүрген тағы бір азаматтың Samsung ұялы телефонын жымқырып кеткен. Осылайша Түркістан қаласына қашып барып, қолды еткен заттарын сатып жіберген. Ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Кез-келген заттарыңызды бөтеннің көзі түспейтін жерде сақтауға кеңес береді. Сондықтан полицейлер жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, ұрлық қылмысының аз уақытта ашылуына өз септігін тигізеді.