Өз үйінде есірткі өндірісін құрған 36 жастағы алматылық ұсталды
Өз үйінде есірткі өндірісін құрған 36 жастағы алматылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі зертханасы Алматының Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінде өз жұмысын бастады. Оны жергілікті тұрғын – Д.есімді ер адам «басқарды».
– «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде күдікті ЕҚқКБ қызметкерлерімен ұсталды. Оның үйінің ауласында ерекше иісі бар жасыл өсімдік заттары, шыны ыдыстар мен қара түсті қабаты бар металл зат, шыны банкадағы ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттар, 30 дана мөлшерінде иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары табылды және тәркіленді. Сарапшының қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар марихуана есірткісі болып табылады, кептірілген және кептірілмеген түрінде, жалпы салмағы 4 келіден асады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Ұсталған адам бұл өсімдікті өзінің қажеттілігі үшін өсіргенін айтып, ақтала бастады. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.