Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзбекстан азаматы Түркістан облысының полицейлеріне алғыс айтты

Өзбекстан Республикасының тұрғыны Түркістан облысының полицейлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі тарапынан құжатсыз және мерзімі өтіп кеткен азаматтарды құжаттандыру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. 2020 жылы басталған акция аясында және карантинге байланысты азаматтардың көпшілігі өз құжаттарын жеңілдіктермен жасатып алды.

Мәселен Өзбекстан Республикасының тұрғыны өз еліне қайту үшін көмек көрсеткен Түркістан облысының полицейлеріне алғысын айтты.

Өзбекстан Республикасының 70-тен асқан азаматы Будейко Виктор, ҚР-ның аумағына келіп, 2018 жылы белгісіз себептермен өз елінің құзырлы органдарымен берілген төлқұжатын жоғалтып алған. Сондықтан еліне қайта алмай жүре берген.

Бұл тұрғын Төлеби аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен анықталып, ер азамат В.Будейкомен полицейлер кездесті. Аудан полицейлері егде жастағы ер азаматқа нақты қалай көмек көрсетілетіні туралы талқыланып, қажетті құжаттарды жинақтап, мәселесінің шешілуіне ықпал етті.

Төлебилік полицейлер Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған азаматты еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал жасап, тиісті көмекті көрсетті.

Өз кезегінде бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселесін шешіп беріп, еліне қайтуға ықпал жасағаны үшін шетелдік азамат облыс полицейлеріне алғыс айтып, риясыз ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен 2020 жылдың 25 қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін облыс аумағында жалпы құжаты рәсімделмеген 435 азамат анықталып, оның ішінде 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен жүрген 126 адам, 18 жастан асқан 194, азаматтығы жоқ деп танылған 47 адамның барлығы құжаттандырылды. Қосымша тағы да құжатсыз жүргендерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Құқықтық мәртебесін анықтау мақсатында 88 адам «Сана Сезім» орталығына жіберілді. Бұл орталықпен облыс полицейлері азаматтарға көмектесу үшін тығыз байланыста болып келеді.
Сондай-ақ жыл басынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін жалпы 903 шетелдіктен өтініш түсіп, соның ішінде жеңілдетілген тәртіппен 651, тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы конвенциясымен 181, ал 71 шетелдіктің іс-құжаттары қаралу үстінде.

Түркістан облысы ПД Көші-қон қызметі полицейлерімен алдағы уақытта да құжат мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып, игі істер жалғасын таба бермек. Сондықтан барша тұрғындарды заңға сәйкес құжаттануға шақырамыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру