Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзбекстан фермерлік шаруашылығының басшысы павлодарлық тергеушіге алғыс білдірді

Өзбекстан фермерлік шаруашылығының басшысы павлодарлық тергеушіге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Өзбекстан Республикасының Bobos Koni-Dur Umidi фермерлік шаруашылығының басшысы Жанаргүл Балашованың алғыс хаты келіп түсті.

– Біз Павлодар облысының Полиция департаментіне алаяқтық іс-әрекеттер салдарынан шаруашылықтың ақшалай қаражатын ұрлап, аса ірі залал келтірген қылмыскерлерді әшкерелеу, ұстау және оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізу бойынша жүргізілген жұмыстары үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Дәлелдеменің күрделілігі мынада: бұл қылмыс 2018 жылғы қарашада жасалған, қылмыскерлер (барлығы Қостанай облысының тұрғындары) біздің фермерлік шаруашылығымызды алдау және ақша қаражатын иемдену кезінде үш қаланың (Қостанай, Нұр-Сұлтан, Павлодар) аумағында әрекет еткен. Бірақ сіздің ведомство қызметкерлерінің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында қаскүнемдер Қазақстанның басқа облысының аумағында ұсталып, олардың кінәсі дәлелденді. Нәтижесінде, олардың барлығы сотқа тартылды. 2022 жылдың сәуірінде оларға қатысты ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тергеуші Марина Пугачға ерекше алғысымызды білдіреміз, ол қылмыстық істі өз қолына алғаннан кейін бәрін тез арада түсініп, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оны сотқа жіберді. Павлодар қаласы орталық полиция бөлімінің аға тергеушісі Марина Пугачтың қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары кәсібилігі үшін, қылмыстық істі сапалы тергеуді және кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қамтамасыз еткені үшін үлкен алғыс білдіреміз, – дейді Жанаргүл Балашова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру