Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін»: шымкенттік 1 млн теңгесінен айырылды

Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат Өзбекстан Республикасынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп беретін құрылысшыларды алып келіп, үйінің құрылыс жұмыстарын істеп беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн. теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру