Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің итін сатып жіберген күдікті ұсталды

Түркістан облысының полицейлері өзгенің итін үйінен ұрлап алып кетіп, сатып жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, үйінің ауласында байлаулы тұрған құны 100 000 тенге тұратын “Алабай” тұқымдас итін белгісіз біреу ұрлап кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Үш күн қатарынан өзі іздеген тұрғын, таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді.
Ордабасы АПБ-нің КПБ, ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары тұрғынның жоғалған итін табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны, жәбірленушінің туысқан інісі болып шықты.
Анықталғандай күдікті әпкесінің үйіне келіп, үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, байлаулы тұрған жерінен итті шешіп алып кеткен. Содан көрші ауылдың адамына 10 000 теңгеге сатып жіберген. Ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан. Өз кінәсін толық мойындады.
Екі тараптың ымыраға келуіне байланысты іс қысқартылған. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мал-мүлкіңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Үйіңізге ұры түскен сәтте уақыт кетірмей, шұғыл полицияға хабар беріңіздер. Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру