Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

7 млн теңге шығын: ШҚО тұрғыны өзгенің мүлкін қасақана өртеп жіберген

Өзгенің мүлкін қасақана өртеген шығысқазақстандық 12 млн шығын келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің ауласындағы шаруашылық қораның өртке оранғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысында 27 жастағы ер адамның көршісімен арадағы араздықтың кесірінен осындай қадамға барғаны анықталды. Кек алмақ ниетпен ол бензин толтырылған пластикалық бөтелке алып, қарсыласының шаруашылық құрылысын өртемек болған. Алайда күдікті мекенжайды шатастырып, өртті көршісінің емес, басқа біреудің қорасына қойған.

Өрт салдарынан 7 миллион теңгеден астам материалдық шығын келген. Тілсіз жау 10-нан астам үй жануарының қырылуына әкеп соғып, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылыққа арналған техника толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге қажетті барлық шараларды атқаруда. Тергеу нәтижелері бойынша заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру