Өзгенің ұялы телефонынан екі несие рәсімдеген қарағандылық ұсталды
Өзгенің ұялы телефонынан екі несие рәсімдеген қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 наурыз күні Михайлов полиция бөліміне 18 жастағы азаматша арызбен жүгініп, белгісіз біреу оның ұялы телефонын пайдаланып, мобильді қосымшасынан екі несие рәсімдегені туралы шағымданған. Оған келтірілген шығын көлемі 600 мың теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азаматты анықтады. Күдікті жәбірленушіден шұғыл түрде қоңырау соғу үшін ұялы телефонын сұрап алып, оңтайлы сәтті пайдаланып, несие рәсімдеп үлгерген. Ақшаны ала салсымен оқиға орынынан ізін жасырған.
Криминалдық полиция қызметкерлері оны 27 наурыз күні қолға түсірді. Ол қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.