Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пайдалы қоғамдық жұмыс: БҚО тұрғыны жазасын толықтай өтеуде

БҚО тұрғыны жазасын қоғамдық жұмыспен толықтай өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық пробация қызметі есебінде Теректі аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-тің 296-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған Т. есепте тұр.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 1-і мен желтоқсан айының 1-не дейін өткізіліп жатырған ОПІШ «Участке» атты іс-шарасы кезінде, 22 қазан БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық пробация қызметінің қатысуымен және БҚО Теректі ауданы Подстепное ауылдық округтік бас маманымен бірлесіп, сотталғанды қоғамдық жұмыс атқару кезінде тосыннан тексеріліп, акт толтырылды.

Сотталған Т. Подстепное ауылдық округттік ғимаратының ауласын жапырақтардан тазартып жұмыстануда, яғни пайдалы қоғамдық жұмыспен айналысып, өзіне соттың үкімімен берілген жазаны толықтай өтеп жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру