Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пара беруге тырысқан әрекеттің нәтижесі

Түркістан облысының полицейлері тәртіп сақшыларына пара беруге тырысқан жүргізушіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
19.02.2020 жылы шамамен сағат 17:15-тер шамасында Түркістан қаласы жергілікті полиция бөлімшесіне патрульдік полиция инспекторлары мен
Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесе отырып, аталған инспекторларға 10 мың теңге көлемінде ақша
ұсынған. Түркістан қаласының тұрғыны «Тойота» автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Анықталғандай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктің жүргізушісі көлікті айыптұрағына қойдырмау мақсатында полиция қызметкерлеріне өзін әкімшілік жауапкершілікке тартпауы үшін пара беруге тырысқан . Бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары бірден Түркістан
облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасына хабарлайды.
Нәтижесінде, құқық бұзушы оқиға орнында ұсталды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі (Пара беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақты зат алынды. Автокөлік айыптұрағына қойылды.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3 бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру