Пәтер алаяғы ұсталды
Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық полицейлер бөтеннің мүлкін заңсыз иемденудің алдын алу, алаяқтық қылмыстарының жолын кесу, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
2020 жылдың 2 желтоқсаны күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтығы үшін қала тұрғынын құрықтады.
Күдікті азамат 2020 жылдың мамыр айында Қызылорда қаласының тұрғынынан облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінен арзан бағаға пәтер алып беремін деген желеумен 130 мың теңге ақшасын алған.
Қазіргі таңда осы іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған жұмыссыз азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1- бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.