«Пәтер алуға көмектесемін»: шымкенттік полицейлер алаяқты анықтады
Полицейлер пәтер алуға көмектесемін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қыркүйекте Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасының «102» нөміріне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам мемлекет тарапынан тегін пәтер алуға көмек беремін деп алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 450 мың теңге ақшасын алып, осы күнге дейін алған ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.