«Пәтер алып беремін»: алаяққа сенген қызылордалық млн теңгесінен айырылды
Алаяққа сенген қызылордалық миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазанда Қызылорда қалалық ПБ-ның Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, 2021 жылдың маусым айында белгісіз азамат қала орталығындағы жаңадан салынып жатқан үйлерден пәтер алып беремін деп баспана алуға жәрдемдесуге уәде беріп, миллион теңге ақшасын алдап алған.
Көп ұзамай арызданушы жақ ешқандай нәтиже көрмей, ақшаларын қайтаруды талап етеді. Бірақ алаяқ құрғақ уәдемен ауыз толтырып, алған ақшаны қайтаруға еш асықпады.
Қылмысты ашу барысында қалалық Полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 36 жастағы қала тұрғыны құрықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.