Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пәтер алып беремін”: тұрғындарды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты

Тұрғындарды сан соқтырған алаяққа қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында жағдайы төмен адамдарға арналған арнайы бағдарлама арқылы төмен пайызды ипотекаға пәтер рәсімдеп берем деп, құрбандарын 110 млн теңгеге алдаған алаяққа сот үкімі шықты.

Қаскелең қаласының жоғары білімі бар, ресми ешқайда жұмыс істемейтін 47 жастағы азаматы өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырып, төмен пайызда ипотека рәсімдеп берем деп сендіріп, олардың 110 млн теңгесін қалтасына басқан. Уәделі 2-3 айда армандары орындалмаған азаматтар, құқық қорғау органдарына жүгініп, қылмыскер қолға түскен.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы толықтай дәлелденіп, сот үкімімен әкімшілік қызметкер атанған алаяқ 4 жыл 8 айға бостандығынан айырылып, жәбірленушілерге сотқа дейін қайтарып бере алмаған 75 млн теңге қаражатын талап-арыз арқылы өндіруге сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру