Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер ұрысы алтын бұйымдарды сейфтен алып кеткен

Түркістан облысының полицейлері алтын бұйымдар ұрлаған пәтер ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматшаның айтуынша, түнгі сағат 2-лер шамасында белгісіз адам үйіне ұрлыққа түскен. Түрлі алтын бұйымдарын ұрлап, жалпы құны 450 мың теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен тәртіп сақшыларынан тәжірибелі қызметкерлер жұмылдырылып, оқиға орнына шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде екі сағат ішінде күдікті ретінде жәбірленуші азаматшаның көршісі ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Айғақты зат ретінде қолды болған алтын бұйымдар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Полицейлер анықтағандай күдікті үйде адам жоқтығын біліп, терезесін бұзып, үй ішіне енген. Барлық бөлмелерді шашып, төсек орындарын қопарып, жатын бөлмедегі сейфтің кілтін тауып алған. Содан соң оны ашып, ішінен алтын бұйымдарды ұрлаған. Алайда күдіктінің арам ойы іске аспай қалды, тәртіп сақшылары ұрланған бұйымдарды сатылмай тұрып, «ізін суытпай » ұстады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері бағалы бұйымдарыңызға сақ болып, үйлеріңізге дабылқаққыш, бейнебақылау орнатуға кеңес береді. Терезелеріңізге темір торлар салып, есіктеріңізді мықты құлыптармен бекітіңіздер деп ескертеді. Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру