«Пәтер» жедел алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр
Павлодар облысында «Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пәтер ұрлығына қатысы бар адамдарды ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Павлодар облысында 27-29 шілде аралығында «Пәтер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
– Ұрланған мүлікті сатып алумен және сатумен айналысатын адамдарды анықтау үшін базарларды, саяжай массивтерін, гараждарды, бейберекет сауда орындарын тексеретін арнайы топтар құрылды. Сондай-ақ, полицейлерге ПИК көмек көрсетеді, олардың өкілдерімен бірге кіреберістердің жай-күйіне тексеру жүргізіледі, – дейді департамент бастығының орынбасары Фархад Омаров.
Пәтер ұрлықтары көбінесе пәтер иелері жұмыста болғанда немесе бір жаққа кеткенде болады. Пәтер ұрлығын алдын алу мақсатында полицейлер кіреберістерде, үйлерде бейнебақылау камераларын, сондай-ақ пәтерлерді күзетке қоюды ұсынады.
Пәтер ұрысынан зардап шеккен болсаңыз, жедел түрде полицияға хабарлаңыз. Дер кезінде хабарлау қылмыстың «ізін суытпай» ашу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.