Пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында пәтер тонаған күдікті полиция қолына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 32 жастағы Қарауыл ауылының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, наурыздың біріне қараған түні белгісіз біреу есіктің құлпына келетін кілтті пайдаланып, үйдің жатын бөлмесінен 631 000 теңге ақшаны ұрлап кеткен.
Абай аудандық полиция бөлімі басшысының тергеу жөніндегі орынбасары Н.Нұрлыбековтің жетекшілігімен құрылған жедел топ қылмысты 4 күн өткенде ашты.
Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы әйел ұсталды. Ұрланған ақшалар иесіне қайтарылды.
Арызданушы тарап Абай аудандық полиция бөлімі басшысының атына алғысын білдіріп, хат жолдапты. Хат иесі полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне сенім артқанын және ол сенімінің ақталғанын айтады.