Пәтерден теледидар ұрлап кеткен шымкенттік анықталды
Пәтерден теледидар ұрлап кеткен шымкенттік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Тұрғынның айтуынша, белгісіз тұлғалар үйде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, есігін және терезесін сындырып, заңсыз кірген. Содан үй ішіндегі құны 480 мың теңгені құрайтын Sony теледидарын қолды еткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына жұмылды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, теледидар ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Көрген-білгендерден жауап алынып, бейнебақылау жүйелері жіті қаралды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары азаматты қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.