Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтерге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Сарыағаштық полицейлер пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын шағым түсірді. Жәбірленушінің айтуынша оның тұрғын-үйіне ешкім жоқта белгісіз тұлға, түнгі уақытта заңсыз кіріп, жасырын түрде бағалы заттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 600 000-нан астам

теңгені құрады. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Оқиға орнына шұғыл жеткен аудандық полицейлер қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды іске асырды. Көрген-білгендерден сұрастырып, ақпараттар жинады. Әрбір адаммен қарым-қатынас жасап, жауап алу барысында психологта бола білген Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Бақыт Мұқанов және жедел уәкіл Асқарт Әшір қылмыскерге қатысты тың ақпарат көздерін тауып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, қала көшелерінің бірінен ұсталды.Тергеу барысында күдікті үйде ешкім жоқтығын байқағандықтан, арам ойы пайда болып, үй қоршауынан аттап өтіп, терезені бұзу арқылы кіргенін айтты.Содан қолына түскен, пайдаға жарайтын бағалы заттарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Тұрғылықты үйі жоқ күдікті, ұрланған заттарды пәтерден пәтерге апарып жүргені анықталды. Күдіктіден айғақты зат ретінде ұрланған заттардың барлығы тәркіленіп алынды. Сондай-ақ заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде жәбірленуші тұрғын полицейлерге алғысын білдірді: «Үйіме ұры түсіп, қиын жағдайға тап болдым. Алайда, бұл күндер артта қалды. Аудандық полицейлер, оның ішінде учаскелік полиция инспекторларының арқасында күдікті құрықталды. Жоғалған заттарымды қайта өзіме алдым. Ризамын, жұмыстарыңызда тек биіктен көрініңіздер»-деп атап өтті.

Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға тұрғын-үйлеріңізді қараусыз қалдырмауды, сонымен қатар ұрылардың әрекетіне жол бермес үшін бейне бақылау камераларын орнатуды ескертеді.Аулаларыңызды жарықтандырыңыздар. Егер үйіңізге ұры түсіп немесе осындай жайттың куәсі болсаңыз, шұғыл «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру