Патрульдік полицейлер Қонаев жолдарында рейд жүргізіп жатыр
Патрульдік полицейлер Қонаев жолдарында рейд жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Қонаев қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Үш күн ішінде ЖҚЕ-ге қатысты 185 құқық бұзушылық анықталды. Оның қатарында: жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзуы – 31 дерек, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 32. Сондай-ақ мас күйінде автокөлікті басқарған бір жүргізуші ұсталды.
Тәртіп сақшылары тұрғындар мен автокөлік иелерін жолдарда сақ және мұқият болуға шақырып, жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.