Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллиннің бұйрықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеуге байланысты Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің бірқатар қызметкерлері Құрмет грамоталарымен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі бір қызметкерге, грамотасы бір қызметкерге, алғыс хаты бір қызметкерге, облыстың ПД грамотасы сегіз қызметкерге табысталды.

Сонымен бірге Қарағанды қаласы әкімінің грамотасымен екі полиция қызметкері марапатталды. Полктың алты полицейі Қарағанды қаласы мәслихатының құқығымен көтермеленді, атап айтқанда екі полицейге Құрмет грамотасы, төрт полицейге алғыс хаттар берілді.

– Марапаттау рәсімін пайдалана отырып, Қарағанды қаласы әкімінің және мәслихат хатшылығының атынан сіздерге алғыс айтамын және сәттілік тілеймін. Заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қызметтен кейін үнемі үйлеріңізге аман-сау қайтуларыңызға тілектеспін,- деді Қарағанды қаласы мәслихатының өкілі Геннадий Ивченко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру