Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Патрульдік полиция түнгі жолда сынып қалған жүк көлігіне жәрдемдесті

Алматы облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері түнде тас жолдың ортасында қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісіне жедел көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 10 тамызға қараған түні Алматы–Бішкек автожолының 58-шақырымында болды. Жол үстінде келе жатқан жүк көлігі кенеттен бұзылып, жүргізуші қараңғыда жалғыз қалған.

Дәл осы сәтте жол учаскесін патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері – Максат Өмірбаев пен Нұрбек Қырғызбай көмекке келді. Олар жағдайды бағамдап, өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, қажетті қосалқы бөлшектерді іздестірді, техникалық көмек көрсетіп, жүргізушіге моральдық қолдау білдірді.

Үйлесімді және жедел әрекеттің арқасында көліктің ақауы жойылып, жүргізуші сапарын жалғастырды.

Жүргізуші Алматы облысы полиция департаментінің атына алғыс хат жолдап: "Дәл осындай полицейлер құрметке лайық – олар ешқашан бейжай қалмай, әрқашан көмекке келеді", – деп ризашылығын жеткізді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жағдайларда азаматтарға қол ұшын созу – олардың қызметінің ажырамас бөлігі, ал жолдағы қауіпсіздік пен халықтың сенімі – басты міндет болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру