Патрульдік полицияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі күнделікті қызметі
Ақмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық жолдар мен негізгі тасжолдарда, сондай-ақ көшелер мен тұрғын аудандарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Көбіне көшеде патрульдік нарядты байқаған азаматтар полиция қызметкерлеріне шу мен айқай, тыныштықты бұзу, көршілер арасындағы жанжалдар секілді құқық бұзушылықтар бойынша өтініш білдіреді. Мұндай барлық хабарламалар жедел түрде тексеріліп, тиісті шаралар қабылданады.
Қызмет барысында полиция қызметкерлері көшедегі қылмыстардың, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу фактілерінің, жанжалдар мен төбелестердің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, олар қоғамдық тәртіпті сақтап, тұрғындардың тыныштығын қорғауды басты міндет санайды.
Алкогольдік немесе өзге де заттарды тұтынып, масаң күйде болған азаматтар анықталған жағдайда медициналық айықтыру орындарына жеткізіледі. Ал тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар әлеуметтік бейімдеу орталықтарына орналастырылады.
Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп пен тыныштығын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы, күн сайын аянбай еңбек етеді.
