Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Паутина-9» жүйесі: құқық бұзушылықтар саны 3 есеге азайды

Қарағанды қаласында қылмыс пен құқық бұзушылық санының едәуір төмендеуіне септігін тигізетін 1683 бейне бақылау камералар жұмыс істеуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Заман ағымына қарай қылмыстар мен құқық бұзушылықтар да өзгеріп жатыр. Техниканың көмегімен алаяқтық қылмыстары даөзгерді. Бір ғана компьютердің көмегімен интернетке кіру арқылы үйде отырып-ақ, ірі көлемде ақша қаражаттары жымқырылуда. Бұл техниканы теріс ниетте пайдаланудың бір жолы деп көрсетсек, техниканың қылмыс пен құқық бұзушылықтармен күресте оң жағы да жетерлік.


2014-2020 жылдар аралығында Қарағанды облысының аумағында қауіпсіз аулаларды құру жоспарына сәйкес, ай сайын жарығы жоқ аулалар учаскелік полиция инспекторларының ерекше бақылауына алынған. Техниканың дамыған заманында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың таптырмас құралы бейне бақылау камералары болып табылады

Бүгінгі күні Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің басшылығы тарапынан үйлердің аулаларында «Паутина-9» жүйесін орнату бойынша шаралар қабылдануда. «Паутина-9» жүйесі Тәттімбет көшесінің 3,4,6,7 үйлерінің аулаларында орнатылған. Бұл өз кезегінде қылмыс пен құқық бұзушылық санының едәуір төмендеуіне септігін тигізген.


Қарағанды қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының 1683 бейнебақылау камерасы дабыл белгілеріне шығарылған. Оңтүстік-шығыс секторы бойынша 288 бейнебақылау камералары жұмыс істеуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бейнебақылау камералары орнатылған аумақтарда 3-4 есе аз қылмыс пен құқық бұзушылық жасалады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының тарапынан халықпен кездесу кезінде сақтық шаралары жиі айтып жеткізіледі. Тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ кәсіпорын мен мекемелердегі әртүрлі деңгейдегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың санын төмендету, оларды болдырмау мақсатында кәсіпорын мен мекеме басшыларына жоғары сапалы бейне бақылау камераларын орнату қажеттілігі түсіндіріледі.

Осындай іс-шараларға арнайы күзет агенттіктерінің өкілдері шақыртылып, олар өз кезегінде үйлер мен пәтерлерді ұрыдан қорғау шараларын жайында мағлұмат береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру