Павлодар ауданының полицейлері заңсыз ағаш кескен ауыл тұрғынын анықтады
Павлодар ауданының полицейлері заңсыз ағаш кескен ауыл тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қараша сағат 11.00 шамасында Павлодар ауданының Луганск ауылындағы саябақта бола тұрып, уәкілетті органның рұқсатынсыз «Терек» тектес ағашты кесіп алған 48 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.
– Ауыл тұрғынына қатысты ӘҚБтК-нің 381-1-бабы (Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Ағаш кесу құрылғысы полиция бөлімінің сақтау камерасына алынды, – деді Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Аян Әнішев.
Айта кетейік, биыл павлодарлық полицейлер ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе зақымдағаны үшін 8 бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.