Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында сотталған студенттер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

Павлодар колониясында сотталған студенттер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №46 мекемесінде КГКП “Техникалық колледжінде” білім алып жатқан сотталған студенттер арасында “Үздік маман” кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және сотталғандардың білім алуға ынтасын көтеру мақсатында өткізілді.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өз мамандықтары бойынша теориялық білімдерін тест сұрақтарына жауап беру арқылы көрсетті. Екінші кезеңде студенттер нақты өндірістік жағдайларға жақын ортада практикалық тапсырмаларды орындап, кәсіби дағдыларын паш етті.

Әр қатысушы оқу барысында алған білімдері мен тәжірибесін пайдаланып, жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысты. Қазылар алқасы жұмыстардың сапасын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, орындау жылдамдығын және шығармашылық көзқарасты бағалады.

Қазылар алқасының құрамына “Еңбек-Павлодар” РМК филиалының өкілдері, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД КУИС ІІМ РК-ның еңбекпен оңалту бөлімінің бас маманы Сыздыкова М.Т., №46 мекеменің еңбекпен оңалту бөлімінің аға инспекторы Айдарханова Ж.Ж., колледждің басшы орынбасары және аға шебері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Колледж оқытушылары бұл іс-шара студенттердің кәсіби өсуіне ынталандыру болып, болашақта білікті маман болуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кәсіби шеберлік байқауы мекеме өміріндегі маңызды оқиға болып, сотталғандар арасында жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру