Павлодар облысының полицейлері ұрланған көлікті 15 минут ішінде иесіне қайтарды
Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмысқа проблемалық-бағдарлы көзқарас мақсатында тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді үнемі бақылап отырады. Тұрғындар құқық бұзушылықтар, түйткілді мәселелер туралы хабарлайды, сонымен қатар тәртіп сақшыларына алғыстарынжеткізеді.Осылайша @dp_pavlodar Instagram парақшасына Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бергентай Әділмұрат, Фархад Зайнутдинов, Берік Саханов, Фаруз Кусембеков, Жәнібек Шакиров, Рахим Ибраевқа алғыс хат жолданды.
Автор полицейлердің сауатты әрекеті мен жедел қимылының арқасында ұрланған көліктің тез арада ұсталғанын атап өтті.
– 14 маусым күні Майра көшесі 15 үйдің ауласынан көлік ұрлап кеткен. Шақыртуға жедел ден қойған полицейлер түскі уақытта ер адамның Audi 100 көлігін ауласына қойғанын анықтады. Көліктің артқы есігі құлыпталмағандықтан, осы жағдай қылмысқа себеп болған. Қала бойынша бірден ұрланған көлікті ұстау жоспары енгізілді. 15 минуттың ішінде М. Жүсіп пен Амангелді көшелерінің қиылысында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Рахим Ибраев, Фархат Зайнутдинов тиісті бағдары бар автокөлікті байқаған. Ұрланған көлік ұсталып, ұры Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп жазады риза болған Павлодар қаласының тұрғыны.
Қала тұрғындарының мұндай пікірлері қоғамдық тәртіпті қорғауда тәулік бойы қызмет ететін полиция қызметкерлерінің жұмысының көрсеткіші болып табылады.