Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облыстық ПД-да ПИК және МИБ өкілдерімен қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Облыстық полиция ведомствосында ПИК және МИБ өкілдерімен қауіпсіздік мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс кездесуі облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметовтың төрағалығымен өтті. Оның жұмысына облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің және ТҮКШ бөлімінің басшылары, қала әкімінің орынбасары, ПИК және МИБ төрағалары, департамент қызметтері бөлімшелерінің бастықтары және учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

ВИДЕО • YouTube

- Ішкі істер министрі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Тәртіп сақшылары қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдады. "Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Әркім білуі керек: бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді, - деп атап өтті Думан Қожахметов.

Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов кездесуге қатысушыларды өңірдегі ахуалмен таныстырды. Оның айтуынша, қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына және жалпы билікке деген сенімі учаскелік инспекторлар мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейіне тікелей байланысты.

— Учаскелік полиция бөлімшелері қолжетімді, беделді әрі азаматтардың құқықтарын белсенді қорғауы тиіс. Барлық учаскелік инспекторлар коммуналдық чаттарға қосылған. Бұл өзара ынтымақтастық полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтуда тиімділігін көрсетті. Чаттарға келіп түскен әрбір өтінішке полиция қызметкерлері жедел жауап береді, тұрақты кері байланыс бар, — деді ол.

Облыс орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кешенді түрде жүргізілуде. Көптеген учаскелік инспектор тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, көп жылдық тәжірибе жинақтаған.

— Біз, учаскелік полиция қызметкерлері, тұрғындар секілді жергілікті мәселелерді өз көзімізбен көріп отырмыз. Тығыз байланыс нәтижесінде жыл басынан бері 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Көпқабатты үйлердің аулаларында және кіреберістерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бейнебақылау камералары мен жарықтандыру құралдары орнатылды. Бұл қылмыс пен құқық бұзушылықтың азаюына оң әсерін тигізді, — деп атап өтті облыс орталығындағы ПИК өкілі.

Сондай-ақ учаскелік инспекторлардың фотосуреттері мен байланыс деректері көпқабатты үйлердің кіреберістерінде, дүкендер мен басқа да қоғамдық орындарда орналастырылуда. Нәтижесінде көптеген азамат өз учаскелік инспекторын жақсы таниды.

Кездесу барысында қатысушылар үйсіз жүрген адамдардың, алкоголь мен есірткіге тәуелді тұлғалардың қоғамдық тәртіпті бұзуына қатысты мәселелерді көтерді. Кейбір ПИК жетекшілері жалға берілетін пәтерлерде құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін учаскелік полициямен бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Қаладағы тәртіпті жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, олар актив тарапынан қарастырылатын болды. Сонымен қатар ПИК және МИБ өкілдері өз міндеттерін адал орындайтын учаскелік инспекторларға алғыс білдірді.

— Облыстық полиция департаменті халық үшін әрдайым ашық. Барлық азаматты қырағылық танытып, құқықбұзушылықтар туралы 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырамыз. Бұл заң бұзушылықтардың алдын алуға және туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Әр адам өз әрекеттерінің салдарын ойлап, заңға бағынуға тиіс. Тәртіпті өзіңізден бастаңыз, — деп түйіндеді Думан Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру