Павлодар облыстық ҚАЖД-да қызмет ететін жас отбасы таныстықтары жайында айтып берді
Павлодар облыстық ҚАЖД-да қызмет ететін жас отбасы таныстықтары жайында айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасы күні – жақын адамдарыңызды бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салудың тамаша себебі. Павлодар облысының ҚАЖ жүйесінде көптеген ерлі-зайыптылар бар. Солардың бірі – Оралбаевтар жас отбасысы.
Олардың тарихы екі жыл бұрын, Темірлан Айданамен қылмыстық-атқару жүйесінде кездесіп, оның өмірін бірге өткізгісі келетін әйел екенін бірден түсінген кезде басталды. Айдана алдымен Темірланды байыпты қабылдамағанын, бірақ уақыт өте келе оған сезімі ашылғанын мойындайды. Айдананы болашақ жұбайының сенімділігі, талғампаздығы мен әскери төзімділігі бағындырды.
Көп ұзамай ерлі-зайыптылар қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдаған. Бүгінде жас отбасы тұңғыш перзенттерінің дүниеге келуін асыға күтуде.
Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, Темірлан мен Айдана отбасылық демалысқа уақыт табуға тырысады. Оралбаевтар отбасы кез-келген қиын жағдайда бір-бірін қолдау білдіріп, үздіксіз қадамдармен үлкен болашаққа қадам басады.
– Ең бастысы ата-ананы қадірлеу, бағалау. Ол кісілердің батасымен ісіміз өркендеп, бақытымыз еселенеді. Жұбайларыңызға көбірек уақыт бөліңіздер және жақындарыңызға жақсы көретіндеріңізді жиі айтып тұрыңыздар. Себебі, әркімнің өміріндегі ең маңызды адамдар ол отбасы!, – дейді Оралбаевтар отбасысының мүшесі.