Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде спорттық эстафета өтті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында "Әкем, анам, мен – спортты сүйетін отбасы" атты спорттық эстафета өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дене шынықтыруды насихаттау, отбасы құндылықтарын нығайту, ұжымдық рухты күшейту мақсатында спорттық эстафета ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға департаменттің мекемелерінде қызмет ететін қызметкерлердің отбасы қатысты. Қатысушылар әр түрлі бағыттағы кезеңдерде ептілік, күш, жылдамдық және бірлесіп жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Байқаулар командалық рухты дамытуға және ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға бағытталды.

Сайыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай шаралар қызметкерлер арасында ұжымдық әрі отбасылық құндылықтарды нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және достық қарым-қатынасты сақтауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру