Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандарды еңбекке тарту мақсатында ашық есік күні өтті
Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен №46 мекемеде сотталғандарды еңбекпен қамтудың тиімділігін арттыру және бизнес қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Павлодар қаласы әкімі аппаратының өкілдері, Павлодар облысы бойынша "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлер мен әртүрлі ЖШС өкілдері, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының басшылары, "Еңбек-Павлодар" РМК басшылығы қатысты.

Қонақтарға мекемеде сотталғандардың ұсталуы жағдайлары, өндірістік учаскелердің жұмысы, оқыту және кәсіби даярлық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар мен жұмыс істеп тұрған цехтардың жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Ағаш өңдеу және тақтай материалдарынан өнім шығару бағыттары ерекше қызығушылық тудырды. Кездесу қорытындысы бойынша бизнес өкілдерінің бірі мекеме базасында ағаш кесетін жабдық, еуроподдондарға арналған шикізат, сондай-ақ өнеркәсіптік және логистикалық салаларға қажетті дайын поддондар өндірісін ашуға ниетін білдірді.
Мұндай форматтағы өзара іс-қимыл сотталғандарды еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың әлеуметтік бейімделуін қолдауға және мекеме ішінде жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті ресоциализация тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды нығайта отырып, бизнес құрылымдарымен әріптестікті дамыту бойынша қызметін одан әрі жалғастыра береді.
