Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне телефон өткізбек болған күдікті анықталды
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД №63 мекемесінің режимдік бөлімінің қызметкерлері тергеу-қамауға алынған адамға арналған сәлемдемелердің бірінен нанға жасырылған телефондар мен Wi-Fi роутерларын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №63 мекемесінде жедел бөлімінің және режимдік бөлімінің қызметкерлері әкелінген нанды түсіру үшін келген, атап айтқанда, жүргізушісі ҚР ІІМ ҚАЖ ШЖҚ РМК «Еңбек-Павлодар» филиалының ақ түсті автокөліктің корпусын тінту кезінде нанның ішіндегі бірнеше орамда жасырылған телефон, WI-Fi роутерлары және сымды құлаққаптар табылды.
Тыйым салынған заттары бар бұл сәлемдеме тергеу-қамауға алынғандарға арналған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалып, материал сотқа жіберілді.
Тергеу изоляторының аумағына кіретін кез келген автокөліктің кіруі мен шығуы кезінде шлюзде автокөлік құралдарын мұқият тексеру, сондай-ақ жүргізушіні тексеру тобы толық тексеруді бірнеше рет жүргізеді.
Азаматтар тыйым салынған заттарды азық-түлік пен киімге жасыруға тырысады. Режим бөлімінің бастығы бұл құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті. Яғни, осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тексеруден жасырын беру немесе кез келген тәсілмен беру әрекеті жазалауға әкеп соғады.