Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Абай күнін атап өтті
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Абай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 тамыз Абай Құнанбаевтың туған күніне орай полиция қызметкерлері Куаныш Юсупбаев пен Махаббат Захан қара домбыраларымен “Желсіз түнде жарық-ай” атты өленің қала ортасындағы Абай атамыздың суреті бейнеленген тұста, домбыраларын шертіп тұрып өлеңдерін орындады. Ауа райының жаңбырлы күніне қарамастан қазақтың қара домбырасымен ел-жұртты тәнті етті.
Қуаныш Юсупбаев №45 мекемеде жасақ бастығы, ал Захан Махаббат болса бақылаушы лауазымында қызмет атқарады.
– Абай атамыздың қара өлеңдері, қара сөздері, жазылған барлық эпопиясы қазақ халқының әлеуметтік, моральдық мәселелерін арқау еткен. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстатып, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады…
Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады, – деп Қуаныш өз ойын Абай Құнанбаевтың сөздерімен аяқтады.
Домбыра шертумен шектелмей, біздің қызметкерлер арнайы Абай атамызға арнап бірнеше викторин сұрақтарын көше бойындағы қарапайым адамдарға қойды және дұрыс табылған жауаптарға арнайы сыйлықтарын: домбыра, кітап, қобыз белгіленген сувенирлерді берді.
Сонымен қатар Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» әндерін орындады.
Қаланың басты көшелерінен 4 көліктен тұратын кортеж өтті, онда Абайдың портреттері көрсетілген. Сондай-ақ ақынның ескерткішіне гүл шоқтары да қойылды. Осылайша мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына қазақ ақыны, ұлы Абайдың туған күнін еске салғысы келді!
– Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және жазба және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев күні өмірді, шығармашылықты, бай рухани мұраны, көрнекті ақын мен философты, жастарды патриоттық тәрбиелеуді насихаттау мақсатында шығармашылық күн өткізуді ұйғардық, – дейді жасақ бастығы Диляра Кисатова.