Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері балаларға арналған бірқатар игі және маңызды іс-шаралар өткізді.

ҚАЖ департаменті басшылығының бастамасымен көпбалалы отбасылардан шыққан және ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін Ертіс өзенінде теплоходпен серуен ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы бұл мерекелік іс-шара балаларға қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады.

№45 мекемесінің қызметкерлері де шет қалмады. Олар балаларға арнап қолдан жасалған ағаш ойыншық машинкалар дайындап, сыйға тартты. Әрбір ойыншыққа мейірім мен жылулық берілді.

№46 мекеменің қызметкерлері де бірқатар қайырымдылық шараларын жүзеге асырды. Олар зағип жандарға арналған арнайы кітапханаға барып, Брайль әліпбиін және тактильді оқу материалдарын табыстады. Сонымен қатар өңірдегі балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерге сотталған азаматтар дайындаған экологиялық ойыншықтар мен ағаш әткеншек тарту етті. Бұл бұйымдар жазасын өтеушілердің еңбекпен айналысуы аясында жасалды.

Мұндай іс-шаралар ҚАЖ жүйесі қызметкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетіп қана қоймай, ерекше қолдауды қажет ететін балаларға қамқорлық танытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру