Павлодар облысы ПД бастығы чемпион полицейлермен кездесті
Павлодар облысы ПД бастығы чемпион полицейлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisiakz
Республикалық спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған полицей-спортшыларды еңбек сіңірген жеңісімен Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр құттықтады.
Қарағандыда өткен NOMAD MMA аралас жекпе-жектен Азия ашық чемпионатына павлодарлық полиция қызметкері Кенжебек Азылбеков қатысты. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері Кенжебек Азылбеков 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың екінші қызметкері Қасиет Бейсекин өз қарсыластарын шебер жеңіп, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Самбодан 98 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде облыс ПД аға инспекторы Еркебұлан Егінбаев қола жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыстық полиция ведомствосының басшысы спорттағы лайықты нәтиже — бұл бақытты оқиға да, сәттілік те емес, орасан зор жұмыстың, өз күшіне деген сенімнің және жеңіске деген үлкен ұмтылыстың нәтижесі екенін атап өтті.
– Барлық жарыстар өте жоғары деңгейде өтті. Кез-келген жеңіс, жүлделі орын – біз үшін спорттағы өз дағдыларымызды жетілдіруге үлкен ынталандыру. Бұл біздің қызметімізде де көмектеседі. Мұнда әртүрлі құқық бұзушылармен жиі кездесуге тура келеді. Павлодар облысы Полиция департаментінің басшылығына тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығымызды білдіреміз, – деп атап өтті чемпионат жүлдегерлері.