Павлодар облысы ПД бастығы ІІО ардагерлерін мерекемен құттықтады
Ішкі істер органдары жүйесінің дамуына қосқан үлесі, мінсіз қызметі үшін және Республика күніне байланысты министр Ержан Сәденовтің бұйрығымен Павлодар облысында ішкі істер органдарының ардагерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ алғыс хатымен Абиев Бекболат, Айғожин Серік, Садриден Балтабаев, Біржанова Баянсұлу, Жаналин Рамазан, Исаева Бибігүл, Ысқақов Адами, Калюжный Олег, Қасенов Сағатбек, Мадеев Жанқара және Рубан Анатолий марапатталды.
– Сіздердің өмір жолдарыңыз, құрметті ардагерлер, біз үшін патриотизмнің, адамгершіліктің және парызға адалдықтың ең жоғарғы өлшемі болып қала береді. Лайықты демалыста бола отырып, сіздер департаменттің қоғамдық өміріне қатысуды жалғастырасыздар. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңызбен үлгі көрсете отырып, тәжірибелеріңізді жас қызметкерлерге бердіңіздер. Осы марапаттарды тапсыра отырып, Сіздердің бізге мемлекеттің тұрақтылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз етуде одан әрі де көмек көрсететіндеріңізге сенімдімін, – деп марапатталғандарды полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр құттықтады.
Айта кету керек, біздің ардагерлеріміздің еңбегі мен қызметі өз уақытында түрлі марапаттарға ие болды. Бірақ, лайықты демалыста бола отырып, ардагерлер ішкі істер органдарының қызметіне өз елеулі үлестерін қосуды жалғастыруда, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу, халық арасында құқықтық білімді насихаттау, қоғамда құқықтық тәртіп органдарына оң көзқарасты қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысады.