Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығы стационарлық және модульдік полиция пункттерін аралады

Павлодар облысы ПД бастығы стационарлық және модульдік полиция пункттерін аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр полицияның стационарлық және модульдік пункттеріне барып, олардың жұмысын тексеріп, қалалықтармен әңгімелесті.   

Естеріңізге сала кетейік, аталған модульдік пункттерді құру туралы шешім өткен жылы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің реформасын жариялауына байланысты қабылданған болатын.

Павлодарда мұндай пункттер қаланың криминогендік жағдайын ескере отырып, тұрғын үй аулаларының ішінде, сондай-ақ қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін салынды.

Василий Скляр полицияның стационарлық және модульдік пункттеріне қатынау барысында техникалық жабдықталуын тексеріп, полицейлердің жұмысын бағалады, сонымен қатар бастық модульдік бекеттерді құрудың артықшылықтарын атап өтті.

Қазір мұнда бірден бірнеше бөлімшелерде жұмыс істеу мүмкіндігі бар, бұл үлкен алдын алу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, полицияны одан да ашық және халық үшін қолжетімді етуге мүмкіндік берді.

– Бұл көптеген елдердің тәжірибесіне негізделген өте заманауи және дұрыс шешім. Бүгінгі таңда біз модульдік посттарды құру тиімді нәтиже беретінін көрдік. Мұны полиция қызметкерлері де, қала тұрғындарының өздері де айта алады. Көбісі полицияға жүгінудің ыңғайлылығын айтса,  басқалары жеделділікті бағалады. Оған қоса, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың ашылуы да бар, – деді Василий Скляр.

Сонымен қатар, ПД бастығы модульдік пункттерге барып, аулаларды аралап, қала тұрғындарынан полицияның жұмысы туралы, сондай-ақ олардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіндері туралы сұрады.

Айта кету керек, павлодарлықтар жаңа енгізілімді бағалап, мұндай бекеттер азаматтар үшін өте ыңғайлы екенін атап көрсетті.

– Менің немерелерім бар, мен оларды аулада серуендеуге жіберуге қорықпаймын, олар  мектептен де өздері келеді. Себеп, біздің аула тыныш. Менің ойымша, мұның бәрі полиция жұмысының жемісі. Жыл өткен сайын полицияның жұмысы жақсарып, тиімділігі артып жатқанын байқаймын. Мысалы, біздің учаскелік полиция қызметкері бізге және көршілерімізге жиі келіп,  жағдайымыздың  жақсылығына көз жеткізіп кетеді. Көшелерді патрульдеп жүргендерін де көремін, – деді Камзин көшесінің тұрғыны Зоя Львовна

– Мен күн де таңертең жағалауда серуендеймін. Өз қауіпсіздігім үшін қорықпаймын, өйткені жолшыбай орнатылған бекет  пен  SOS түймесі бар. Егер маған көмек керек болса, мен барлық мүмкіндіктерді пайдалана аламын және полиция көмекке келеді деп ойлаймын, – деді павлодарлық Валерий Владимирович.

Жол бойында ПД бастығына жолыққан қаланың жас тұрғындары да өз пікірлерін білдірді.

– Мұнда орнатылған стационарлық пункттер біздің тыныштығымызға оң әсер етеді. Сіздердің қызметтеріңіздің қиын және  қауіпті екенін білеміз, бірақ сіздер оны өте жақсы  атқарудасыздар,- деді қала тұрғындары

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру