Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалған Думан Қожахметовты таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін Думан Қожахметов Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр Думан Қожахметовтың осы бағыттағы жұмыс тәжірибесінің мол екендігін атап өтті. Сондай-ақ министрлік әзірлеген, өңірдің аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізілетін инновациялар бойынша жұмыс күтіп тұрғанын айтты және жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру