Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары азаматтарды жеке қабылдады

Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 ақпанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау өткізілді.

Полиция департаментіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар департамент бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровқа сұрақтар қойды.

Мысалы, Павлодарда үш ай бұрын жол-көлік оқиғасы орын алған, оны көлік қағып кеткен, ал кінәлі адам ем ақысын төлемеген. Бұл мәселе бойынша әйелге азаматтық тәртіпте сотқа жүгіну ұсынылды.

Басқа жағдайда, қала тұрғыны қылмыстық іс бойынша қабылданған сот шешімімен келіспейді.
Қабылдау барысында азаматтар жол және қоғамдық қауіпсіздік, заң көмегін көрсету бойынша сұрақтар қойды, оларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауаптар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру