Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да Республика күні атап өтілді

Павлодар облысы ПД-да Республика күні атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты. Іс-шараға қатысушыларға Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

– Республика күні жаңа Қазақстан ұрпағының өзінің бастауы мен сабақтастығын, тарихи еңбегі мен Тәуелсіздік жолындағы халықтың ерік-жігерін құрметтеуін мойындауын білдіреді. Елдің қалыптасуының барлық кезеңдерінде полиция органдарына тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл берілді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын, құқықтық тәртіпті және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі жауапты міндет полицейлердің мойнына жүктелген, бұл басымдықтар өзгеріссіз қалды және бүгінгі таңда біздің қызметкерлер құқықтық тәртіпті қорғау және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтік борышын абыроймен орындайтынына сенімдімін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық пен бейбітшілік, Отанымыз – Қазақстанымыздың игілігі үшін қызметте табыс тілеймін, – деп атап өтті полиция ведомствосының басшысы.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері және республика күнін мерекелеуге байланысты министрдің құқықтарымен Павлодар облысы ПД-ның 30-ға жуық қызметкері көтермеленді.

«Полиция полковнигі» кезекті арнайы атағы Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжинге, Павлодар қ. ПБ тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Ринат Сұлтановқа, Павлодар қ. ПБ Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Асқар Асаиновке берілді.

Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Гүлмира Бейсекеева, өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Руслан Қарымсақов және Аққулы ауданының жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Рүстем Сыздықов «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды.

«Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен ПД әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы Шыңғыс Жұматаев, ПД басқарма штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Тимур Туружанов және Ақтоғай ауданы штабының аға инспекторы Алима Бейсенова марапатталды.

Полиция департаментінің грамотасымен және алғыс хатпен 100-ге жуық қызметкердің еңбегі атап өтілді. Салтанатты іс-шара танымал әртістер мен әншілердің, сондай-ақ өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концертпен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру