Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да үздік тергеушілерді марапаттау рәсімі өтті

Павлодар облысы ПД-да тергеу басқармасының ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Департаменттің тергеу басқармасының бастығы Берік Оралов наградаларды тапсыра отырып, тергеушілердің үлесіне жұмыстың ең күрделі учаскесі – тергеу, адамның жасалған құқыққа қайшы әрекетке қатыстылығын күнделікті дәлелдеу тиесілі екенін атап өтті. Сондықтан тергеу органдарында нағыз кәсіпқойлар, заңды білімді мамандар жұмыс істеуі керек және тергеушінің сапалы жұмысына, оның қылмыстық істің нәтижесі тергеуге принципті көзқарасына байланысты.

Салтанатты жағдайда Министр Ержан Сәденовтың құқықтарымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Павлодар ауданы ПБ аға тергеушісі Торғын Аяпбергеноваға полиция подполковнигі арнаулы атағынан бір саты жоғары кезекті арнаулы атақ берілді.

Тереңкөл ауданы ПБ аға тергеушісі Талғат Нұғманов "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін" медалімен марапатталды.

"Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен Екібастұз қаласы ПБ аға тергеушісі Жаңылсын Сағадат марапатталды.

ІІМ грамотасымен ПД тергеу басқармасының тергеушісі Азамат Амангелдинов және Оңтүстік ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Аружан Айтқұловаға алғыс жарияланды. Сондай-ақ департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін өңірдің бірқатар ерекше көзге түскен тергеушілері өздерінің лайықты наградаларына ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру