Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі биыл 90 мыңға жуық қызмет көрсетті

Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі биыл 90 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі әлемнің талаптарына байланысты цифрландыру барлық реформалардың негізі. Бүгінгі таңда үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі Халықпен жұмыс істеудің сервистік моделінің басты жетістіктерінің бірі. Бұл формат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтады, көрсетілетін қызметті алушының полиция қызметкерлерімен тікелей байланысын болдырмайды. Бұрынғыдай кезекте ұзақ күту — қызмет қызметкерлерінен жұмыс уақытының ресурсын босатады.

Полиция департаменті халыққа 34 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олардың ішінде көші-қон желісі бойынша мемлекеттік қызметтер ең сұранысқа ие. Мұндай қызметтер — 12, оның ішінде құжаттау, халықты тіркеу, елден тыс жерлерге шығу, шетелдіктерді тіркеу, олардың еңбек қызметі және т. б.

Осы жылдың басынан бері облыс халқына көші-қон қызметінің бөлімшелерімен барлығы 90 мыңға жуық қызмет көрсетілді, олардың көпшілігі электрондық форматта ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру