Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД қызметкерлері шымкенттік тұрғынның ерекше ықыласына ие болды

Павлодар облысы ПД қызметкерлері шымкенттік тұрғынның ерекше ықыласына ие болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Шымкент қаласының тұрғыны Қайрат Байболатовтан жүрекжарды алғыс хаты келіп түсті.

Қайрат Байболатов Павлодар облысы полиция департаментінің кадр қызметінің мамандары — Айбат Ибраевқа, Алмас Баймбет пен Жарқын Рахымжановқа зор ризашылығын білдіре отырып, олардың ішкі істер органдарына кадр іріктеу кезінде әрбір кандидатқа кәсіби біліктілікпен, сабырлықпен және адамгершілік тұрғыдан ерекше ықыласпен қарағанын атап өтті.

- Ұлым Рысдәулет Өмірзақ Алматы қаласындағы жоғары оқу орнын тәмамдап, ағасының жолын қуып, ішкі істер саласында қызмет етуді мақсат етті. Оның ағасы – 30 жыл бойы құқық қорғау органдарында абыроймен еңбек етіп, бүгінде зейнетке шыққан маман. Ұлым Павлодар қаласына келген сәтте полиция қызметкерлері оны вокзалдан күтіп алып, жатақханаға орналастырып, қызметке тұруына жан-жақты қолдау көрсетті. Әр ата-ана баласының болашағына алаңдайды. Ұлымды бейтаныс қалаға жіберіп, мұндай қамқорлық күтемін деп ойламап едім. Кадр қызметінің қызметкерлеріне әке ретінде де, Шымкент қаласының тұрғындары атынан да алғысымды білдіремін. Оларға зор денсаулық, еңбектеріне табыс және қызметтерінде биік жетістіктер тілеймін, — деп жазылған алғыс хатта.

Өз кезегінде Павлодар облысы полиция департаментінің ұжымы қоғам тарапынан көрсетілген мұндай ілтипат пен қолдауға шексіз ризашылық білдіріп, бұл жылы лебіздер – олардың күрделі де жауапты қызметіне берілген ең шынайы баға екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру