Павлодар облысы ПД қызметкерлері талапкерлермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді
Павлодар облысы ПД қызметкерлері талапкерлермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық оқу орындарына түсу бойынша талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқықтық тәртіп сақшылары қатысушыларды жұмыстың ерекшеліктерімен таныстырып, қызметтің негізгі бағыттары мен құқықтық тәртіп сақшылары орындайтын негізгі міндеттер туралы түсіндірді. Әлеуетті кандидат сәйкес келуі тиіс негізгі критерийлер тізімделген, сондай-ақ ІІО-да қызметтің артықшылықтары туралы айтылды. Сондай-ақ әскери-дәрігерлік комиссиядан өту барысы туралы айтылды.
– Көпшілігіңіз үшін бұл кездесу өмір жолына әсер етіп, мамандық таңдауда шешуші бола алады. Мамандық күн сайын қызықты да шытырман жұмыс іздейтіндер үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл мамандық ақыл-ойдың өткірлігін, тез шешім қабылдауды, ұжымда жұмыс істей білуді және өзінің және басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін талап етеді. Сонымен қатар полицияда жұмыс істеу адамдарға көмек көрсетуге және мемлекетке пайда әкелуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті полиция қызметкері.
Бүгінгі күні полиция қызметкерлерінің толық әлеуметтік пакеті, тұрақты жалақысы, одан әрі тегін оқу мүмкіндігі, мансаптық өсуі және еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу құқығы бар. Құқықтық тәртіп органдарының өкілдері лауазымдық міндеттерін сапалы орындағаны үшін өздерінің кәсіби атағын, мәртебесін және жалақысын арттыра алады.
Диалог өте нәтижелі болды. Жастарды қазір полицейлерге қандай талаптар қойылатыны, заңдарды білу үшін тестілеуден қалай өту керектігі, дене шынықтыру дайындығын тапсыру кезінде қандай нормативтер бар екендігі қызықтырды.
Әңгімелесу барысында талапкерлер мен олардың ата-аналары құқық қорғау қызметіне кіру шарттары туралы қажетті ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.