Павлодар облысы ПД тарих пен даңқ мұражайын онлайн көруге шақырады
Павлодар облысы ПД тарих пен даңқ мұражайын онлайн көруге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Онлайн экскурсия аймақ полициясының қызметін қалыптастырған маңызды сәттер мен оқиғаларды көрсете отырып, өткенге көз жүгіртіп шығуды ұсынады. Музейден ішкі істер органдары қызметкерлерінің батылдығы мен адалдығы туралы баяндайтын бірегей экспонаттарды, құжаттар мен фотосуреттерді көруге болады.
– Павлодар облысы полиция департаментінің мұражайы онлайн көруге қолжетімді. Бұл инновациялық жоба әрқайсыңызға үйден шықпай-ақ, ішкі істер органдарының қалыптасуы мен дамуы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді, – дейді Павлодар облысы ПД музейінің инспекторы Әдия Байтақова.
Виртуалды мұражайды көру арқылы көрермен ерлікке толы тарихқа шолу жасайды. Бұл тур тарихқа қызығушылық танытатын және полицияның жұмысы туралы көбірек білгісі келетіндер үшін мол тәжірибе бола алады.
Облыстық полиция департаментінің мұражайында 1700 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар полициясының құрылу тарихын сақтайтын экспозициялар бар.
Мұражай қорында көптеген бірегей жәдігерлер бар: құжаттар, нысанды киім-кешек, техника, фотосуреттер жинағы, тарихи маңызы бар хаттар мен құжаттар.
Сайтқа:
1) сілтеме бойынша:
https://mikroklimat.kz/ru/museum.html
2) QR коды бойынша: