Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы полиция департаментінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген маман

Павлодар облысы полиция департаментінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген маман жайлы Polisia.kz сайтынан оқи отырыңыз.

Павлодар облысы полиция департаментінде офицерлермен қатар жоғары кәсіби деңгейі бар, білікті әрі жауапты әйелдер де қызмет атқарады. Солардың бірі – Айнұр Сағынбаева, Департаменттің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының ең тәжірибелі мамандарының бірі.

Айнур Сағынбаева Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін, ол туған жері Лебяжі ауданында қазынашылық саласында 10 жыл еңбек етті.

2013 жылдың наурыз айында Павлодар қаласы ІІБ-нің қаржылық қамтамасыз ету бөліміне жетекші маман болып қабылданды. Айнур жаңа білімді ынтамен меңгеріп, институтта алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білді.

2021 жылдың ақпан айында департамент басшылығының шешімімен Павлодар облысы полиция департаменті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы қызметіне тағайындалды.
Бүгінде оның атқаратын міндеттер ауқымы өте кең.

Ол полиция жұмысының маңызды бағыты – жалақы қорының жыл сайынғы жоспарлануына, тұрғын үй төлемдеріне, қызметкерлердің коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге, еңбек және жалақы бойынша тоқсан сайынғы статистикалық есептерді әзірлеуге, бөлімшелердің штаттық санын ұстауға арналған бюджеттік өтінімдерге есептер дайындауға жауапты.

– Қаржымен жұмыс істеу жоғары дәлдікті, аналитикалық ойлауды, өзін-өзі тәртіпке келтіруді, сонымен қатар икемділік пен сабырлылықты талап етеді. Бұған қоса, заңнамада тұрақты өзгерістер болып тұрады, бағдарламалық қамтамасыз ету жаңартылып отырады. Осындай қарқынмен жұмыс істеу үшін әрдайым ұшқыр болуы маңызды. Біздің ұжым – шағын ғана отбасы. Мұнда әрдайым өзара түсіністік пен қолдауға сенуге болады. Басшының жоғары кәсібилігі мен достық атмосфераның арқасында ұжым қойылған барлық міндеттерді қысқа мерзімде шешеді, – деді маман.

Оның пікірінше, қаржыгер ретінде қалыптасуында жетекшісі Ерік Нұрғожинның рөлі зор. Ол қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыруға көмектесіп, көздеген нәтижеге жету жолындағы қиындықтарды еңсеруге қолдау көрсеткен.

– Жоғары кәсібилік, жауапкершілік, жанашырлық, өзін-өзі тәртіпке келтіру, өзгерістерге тез бейімделу және ұсақ-түйекке дейін мән беру оның басты қасиеттері. Ол әрдайым білімін, тәжірибесін бөлісуге дайын, бұл әріптестерінің кәсіби өсуіне ықпал етеді. Көпжылдық адал еңбегі үшін әріптесіміз бірнеше рет Министрлік пен департаменттің құрмет грамоталарымен марапатталған, – дейді әріптестері.

Жұмыста – құнды қызметкер, үйде – шаңырақтың ұйытқысы, қамқор ана.
Айнұр екі баланы тәрбиелеп отыр. Қызы Азиза – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2-курс студенті, ұлы Альтаир – Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы.

33 жасында өзіне сенімді, позитивті, мейірімді Айнұр Сағынбаева сүйікті жары Қадырдан айырылды. Қолында екі жас бала қалғанына қарамастан, өмірдің ауыр сынақтары оны сындырмады, қатал да етпеді. Барша әйелдер секілді ол да өмірінде мейірім, қуаныш пен жақсылықтың көп болғанын қалайды.

Уақытының тығыздығына қарамастан, Айнур әрдайым отбасының әр мүшесіне көңіл бөлуге, жұмыста ғана емес, үйде де мұқият әрі қамқор болуға уақыт табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру