Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ҚАЖД-да жедел кеңес өтті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы сәуір айында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жылдың бірінші тоқсанына арналған жедел кеңес өткізілді.

Іс-шараға департаменттің жеке құрамы, бағынысты мекемелердің басшылары мен пробация қызметінің жетекшілері қатысты. Кеңеске департамент басшысының міндетін атқарушы Максат Шохаманов төрағалық етті. Сонымен қатар кеңес жұмысына Павлодар облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Руслан Карымсаков қатысты.

Кеңесте Ішкі істер министрлігінің Алқа отырысында берілген тапсырмалар мен негізгі бағыттар таныстырылып, ҚАЖ комитеті төрағасының нұсқаулары жеткізілді.

2025 жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыс нәтижелері жан-жақты талданып, жетістіктер мен кемшіліктер қаралды. Атап айтқанда, кеңес барысында мынадай мәселелер талқыланды:
• Сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жеке кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл орнату;
• ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын күшейту;
• Сотталғандармен тәрбие жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру;
• Пробация есебінде тұрған азаматтардың тарапынан қылмыстың қайталануына жол бермеу шараларын қабылдау;
• Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытында нақты шаралар жүргізу.

Сондай-ақ кеңес аясында Павлодар облысы полиция департаментінің ӨҚБ бастығы Руслан Карымсаков құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша баяндама жасады. Ол заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіп пен этикалық нормаларды қатаң ұстану қажеттілігіне ерекше тоқталып, әрбір қызметкердің өз жауапкершілігін терең сезініп, адалдық пен әділдік қағидаларын бұлжытпай орындауы қажет екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, департамент жұмысының тиімділігін арттыру жолдары пысықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру