Павлодар облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкері қызметі жайлы айтып берді
Павлодар облысы ҚАЖД мекемесінің қызметкері қызметі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өзінің қарапайымдылығы, алғырлығы мен білімділігі қызметінің нәтижесін көрсетіп жүрген Эльмурод Худайбакович туралы айтпақпыз. Эльмурод 2019 жылы Шымкент қаласынан Павлодар қаласына отбасымен қоныс аударған. Шымкент қаласында дүние келіп, қарапайым отбасында дүние келген. Қызметтік жолын қарапайым инспекторлықтан бастаған. Толық отбасынан, жанұясы сүйікті жұбайы мен үш балапаны бар.
Қазіргі таңда Павлодар қаласының №45 мекемесінде жасақ бастығы. Қызмет барысында сотталғандардың таңғы ұйқыдан тұруы, төсек орындарын жинап, жуынып-шайынуы, таңғы ас ішуі, өндіріс орнында жұмыс орнынан кетуі жасақ бастығының қатаң қадағалауында. Әділет капитаны Эльмурод Худайбакович таңнан кешке дейін сотталғандарды қадағалап, тәрбелеп, олардан талап пен тәртіпті талап етеді. Осыдан-ақ олардың жұмыстарының қаншалықты жауапты, уақытының тығыз екендігін білуге болады. Жасақ бастықтары сотталғандардың сан сауалынан жауап беріп, басшылықпен ақылдаса отырып, түйіткілді мәселелердің түйінін шешіп, түрлі іс-шаралардың ұйытқысы болады.
– Біз жасақ бастығы болғаннан кейін өзімізге тапсырылған сотталғандарға жауап береміз. Мен өз жасағымдағы 70 сотталғанға жауап беремін, өздерін мазалаған сұрақтарымен қабылдауда болады. Мейлінше оларға көмектесіп, жазасын өтеушілердің тәртібін қарауға тырысамыз. Жаза басып жаңылған азаматтарды түзелу жолына түсіру , олардың өмірге деген көзқарастарын өзгерту біздің жұмысымыз. Олардың қоғамға толыққанды азамат болып оралуы біздің де жұмысымыздың нәтижесі. Бұл дүниедегі әрбір адамның өз армандары болады, соған жетсем екен деп қиялдайды. Арманға жету үшін ең алдымен мақсат қоя білу керек. Ал мақсатты орындау үшін талпыныс , қажымас қайрат , табандылық пен шадамдылық, ұмтылыс қажет.
Менің арманым ішкі істер органың қызметкері болу еді. Міне, сол арманыма жеттім. Нысанды киініп, антыма адал қызмет етіп келемін. Отбасымда ұлым да ішкі істер саласына орналасуда. Менің арманыма қолдау көрсетіп, мықты маман болуыма ата-анамның еңбегі және жұбайымның қолдауы. Ендігі жерде еліме адал қызмет етіп, ата -ана, отбасы үмітін ақтаймын, – деді жасақ бастығы Эльмурод Худайбакович.