Павлодар облысында 10 мыңнан астам мал басы айыппұл тұрағына қамалды
Павлодар облысында 10 мыңнан астам мал басы айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы ПД полицейлері бақылаусыз жайылып жүрген мал фактілерінің және жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қаңғыбас мал иелерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
– Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыс полицейлері бақылаусыз жайылып жүрген малдың 719-дан астам фактісін анықтады. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін 600-ге жуық құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылармен жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 69 азамат анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері айыппұл тұрағына 10 мыңнан астам мал басы қамалды. Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторлары тұрақты негізде мал иелерімен өз малдарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді.